Экзитпол

Сайлау учаскесінен шыққан азаматтарға «кімге дауыс бердіңіз» деп сұрақ қою, кейін соның қорытындысын шығару. Сайлаушылар жауабын аноним түрде береді. 




Сол жауаптарға қарап, сайлауда кім қанша дауыс алғанын болжап білуге болады. Кейін ұйымдастырушылар экзитпол қорытындысын ресми қорытындымен салыстырады. 


Бұл әдіс 1967 жылы АҚШ-та пайда болады. CBS телекомпаниясындағы Сайлау және қоғам пікірін білу орталығының директоры Уоррен Митофски Кентукки штатының губернаторын сайлаудан кейін сайлаушыларға сұрақ қойған еді. Содан бері экзитпол жасау әдісі өзгермеді.  


Жұрт экзитполды «шығыны көп әрі әсері аз» деп жиі сынайды. Демократиясы дамыған, яғни сайлауы ашық өтетін елдерге экзитпол қажет емес — ресми қорытынды бұрмаланбайды ғой. 


Ал авторитар мемлекеттерде бәрі керісінше: шын қорытындыны экзитпол арқылы да біле алмайсың, себебі үкімет өтірік сауалнама жасап, бұрмаланған қорытынды беруі мүмкін. 


2018 жылдан бері Қазақстанда қоғамның сайлауға қатысты пікірін білуге арналған сауалнамалар, соның ішінде экзитполды тек белгілі бір ұйымдар жүргізе алады. Бұл ұйымдардың осы салада бес жылдан астам тәжірибесі болуы керек. Сауалнама жасау үшін әуелі олар Орталық сайлау комиссиясына ескерту жолдауға және құжаттар өткізуге тиіс. ОСК хабарламаға «жоқ» деп, ұйымға сауалнама жасауға тыйым сала алады. 


Мысалы, 2019 жылы президент сайлауда сауалнама өткізуге тек екі ұйым рұқсат алды. Осы жылы, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауда, мұндай құқыққа жеті ұйым ие болып отыр. Оның ішінде Nur Otan партиясы бар. 


 


06/01/2021 14:29 4941 0

06/01/2021
14:29 4941 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление